Алматылық «Қайраттың» экс-футболшысы (егер солай болса) Бауыржан Исламхан Instagram желісіндегі парақшасына жаңа жылдық кеште түскен суретін салды, деп жазады Prosports.kz.

Суреттің қайда түсірілгені белгісіз. Онда Исламханның клуб басшысы Қайрат Боранбаев және актер Нұрлан Қоянбаев екеуімен дастархандас болып отырғаны ғана көрініп тұр.

Еске сала кетелік, Бауыржан Исламхан жақында ғана алматылық команда сапынан ресми түрде кетті. Кейбір деректерге сүйенсек, ойыншыға бірнеше ресейлік клубтар қызығып отыр.