Нұрсұлтан Жаңабаевтың Ресейдегі жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Suleimen Promotions промоутерлік агенттігінің Instagram-дағы ресми аккаунты жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевтың жақын уақытта рингке шыға алмайтынын хабарлады. Жекпе-жектің күшін жоюға боксшының жарақаты себеп болған.⠀«Жанабаев жаттығу кезінде жарақат алды, нәтижесінде келесі жекпе-жегіне қатыса алмайды», - деп хабарлайды Сүлеймен Промоушн.