Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас хатшысы қызметіне жаңа тұлға тағайындалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің басылымға сенімді дереккөзден белгілі болғандай, Азамат Айтхожин жыл соңында КФФ бас хатшысы қызметінен кетеді.

Айтхожин бұл лауазымға 2018 жылдың 10 қаңтарында ие болған еді. Ол сол кездегі ҚФФ Бас хатшысы Қаныш Әубәкіровті алмастырды. Жаңа Бас хатшының есімі кейін белгілі болады.