WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы және бірінші орта салмақтағы әлемнің экс-абсолютті чемпионы Теренс Кроуфордтың промоутері Боб Арум Fighthype сайтына клиентінің әлеуеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер Теренс кезекті титулына қол жеткізгісі келсе, онда біз 154 немесе 160 фунт салмақта кез келген жекпе-жекті ұйымдастырып бере аламыз. Егер «Канело» орта салмаққа оралса, онда Кроуфордқа қарсы ауқымы кең кездесу болар еді.

Кроуфордқа мықты жігіттермен сынға түсу керек. Каваляускасты да тізімнен шығарып тастауға әсте болмайды. Ал егер Теренс жеңіске жетсе, 2020 жылы әлемнің әр түкпірінде жекпе-жектер өткізуіміз бек мүмкін», – дейді Арум.

Айта кету керек, Сауль Альвареспен жұдырықтасуға қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин басты үміткер саналып отыр.

Теренс Кроуфорд 14 желтоқсанда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер литвалық Эгидиюс Каваляускаспен (21-0-1, 17 КО) төбелеседі.