«Сарыарқа» ХК шабуылшы Денис Михнинмен 1 жылдық екі жақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Михнин - Киров мектебінің оқушысы. Ол 2015/2016 маусымда «СКА-1946» командасы үшін алғашқы ойынын өткізді. Ол сонымен қатар, «СКА-Варяги» клубының намысын қорғады.

Ресейлік командаларындағы тәжірибеден басқа, Денистің Канадада ойнау тәжірибесі бар. Квебектегі жастар хоккей лигасында өнер көрсететін канадалық «Rimouski Océanic» клубында екі маусым өнер көрсетіп 87(42 + 45) ұпай жинады.

Қазіргі уақытта Михнин Ресей жастар құрамасының хоккейшісі.