УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы алтыншы турының алғашқы күні өтіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған алты ұжым анықталды.

Алтыншы турда «Генктің» қақпасын қорғаған Мартен Вандервордт Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас қақпашы атанды. Ол 17 жаста (287 күн).

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына «Ливерпуль», «Валенсия», «Наполи», «Боруссия» (Дортмунд), «Лион» және «Челси» командалары плей-оффқа өтті.