Белгілі комментатор Ермұхамед Маулен арнайы Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан футбол федерациясының Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан ойыншыларына қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Мен бұл жаңалық туралы заң қабылданғанға дейін білетінмін. Бәрі соған келе жатты. Хоккей және баскетболда бірнеше елдердің командалары бар біріктірілген турнир өтеді. Жақын болашақта біз ЕАЭО елдері арасындағы футбол чемпионатын көре аламыз деп ойлаймын.

Менің ойымша, ҚФФ-ның бұл шешімі футболымызға кері әсер етеді. Себебі ондағы сыбайлас жемқорлық жаңа даму деңгейіне жетеді. Енді барлық клубтар, президенттер мен спорт директорларының ақша жымқыруы жаңа деңгейге көтеріледі. Егер бұрын олар сегіз легионердің есебімен байып отырса, енді тағы он адам қосылады!

Алайда идеяның өзі жаман емес - бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі. Біз оларға барамыз, олар бізге келеді. Бес-алты қазақстандық футболшы Ресей премьер-лигасында, тағы біразы Беларуссия чемпионатында сенімді ойнай алады. Шындығына келсек, бұл қадамға ешкім бармайды. Себебі, қай футболшы төмен жалақы алғысы келеді», - деді Ермухамед Маулен.

Қазақстандық спортшылар Ресейде легионер ретінде қарастырылмайды

ЕАЭО ойыншылары легионер емес. Дұрыс шешім бе?