Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов келесі жекпе-жегіне дайындығын АҚШ-та өткізіп жатыр.

Бақтияр Эюбов Нью-Йорк қаласында Кит Хьюиттің қол астында жаттығып жатыр. Ол танымал боксшылар Крис Колберт (13-0, 5 КО) және Решат Матимен (5-0, 3 КО) спарринг өткізді.

Айта кетейік, Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп, оның 14-нде жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберген. Енді бір кездесуінде боксшылар тең тарқасқан.