Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының ең үздік хоккейшілерін анықтау жөніндегі комиссия - КХЛ Орталық ақпарат бюросының статистика басқармасы ұсынған ойыншылардың көрсеткіштері және матчтардың аналитикалық бағасы негізінде төрт номинация бойынша турнирдің он үшінші аптасының (9 желтоқсандағы ойындарды қоса) жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрт номинацияның ішінде «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының хоккейшісі Роман Старченко аптаның үздік шабуылшысы атағына ие болды. Бір апта ішіндегі үш матчта Старченко қарсыластар қақпасына үш шайбы соқты.

Елордалық команда соңғы ойында Омск қаласында жергілікті «Авангардпен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңді.