10 желтоқсанда Кемеровода «Кузбасстағы шайқас» турниріне қазақстандық боксшылар – Нұржан Мақашбаев пен Дамир Әбдіқадір қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Нұржан Мақашбаев (0-0-1) ресейлік Михаил Лесниковпен (4-4, 1 КО) кездеседі.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Дамир Әбдіқадір болса кәсіпқой рингтегі дебютін Ресей елінің тағы бір өкілі Павлел Гунченкоға қарсы өткізеді.