Жағажай волейболынан Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы Тайландтың Пхукет қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Волейболшылар 15-19 желтоқсан күндері Үндістанның Вишакхапатан қаласында өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындалуда.

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі: Алексей Сидоренко, Дмитрий Яковлев, Сергей Богату, Алексей Кулешов.