Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы Дан Нистор карьерасын қазақстандық клубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Fanatik.ro порталына сілтеме жасап.

Қазір Нистор бухаресттік «Динамо» сапында ойнап жүр. Бірақ жалақыны бермей жатқанына байланысты клубтан кетпек.

Ол екі ай бойы жалақы алмағанын айтады. Желтоқсанда клуб ауыстыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық клубтан бөлек, оған Сауд Арабиясы мен Түркиядан қызығушылық бар. Үш клуб та оған жылына 500 мың еуро беруге дайын екен.

Бірақ Дан Нисторға қазақстандық қай клуб көз тіккені белгісіз.