Prosports.kz сайты «Ростов» сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың РПЛ сапында соққан барлық голын назарларыңызға ұсынады.

21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы кешегі ойында командасының бірінші және төртінші голдарын соғып, «Ростовтың» жеңісіне түбегейлі үлес қосты.

Осы маусымда ішкі чемпионатта он ойында алаңға шыққан Зайнутдинов үшінші мәрте мергендік танытып отыр.

Алғашқы голын 11-ші турда тағы бір мәскеулік команда «Динамоның» қақпасына соққан еді.