РПЛ-дың 19-шы турында «Ростов» Мәскеуде «Спартакты» 4:1 есебімен ұтып, дубль авторы атанған қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов матчтың үздік футболшысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

WhoScored порталы Зайнутдиновқа 8,5 деген баға қойды.

21 жастағы футболшы матчтың 22-ші және 83-ші минуттарында гол соқты.

«Ростов» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

ВИДЕО. Зайнутдинов мәскеулік «Спартактың» қақпасына екі гол соқты