8 желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтті.

Аталған бәсекедегі біздің спортшыларымыздың нәтижесі төмендегідей:

Ерлер арасында Дмитрий Рейхард сайысты 4-орынмен аяқтаса, Павел Колмаков 10-орыннан көрінді.

Кезең жеңімпазы канадалық Микаэль Кингсбери, күмісті жапониялық Икума Хоришима, ал қоланы швед Уолтер Уолберг алды.

Юлия Галышева әйелдер арасындағы додада сәтсіз өнер көрсетіп, 12-сатыға жайғасты.

Бірінші орында франциялық Перин Лафонт, екінші жапон Кавамуро Ангри, ал үздік үштікті ұлыбританиялық Британи Кокс түйіндеді.