Ресейлік «Ростов» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов Ресей чемпионатының 19-шы турында мергендік танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеуде өтіп жатқан матчтың 22-ші минутында 21 жастағы жерлесіміз Александр Максименко қақпасын дәл көздеп, командасын есепте алға шығарды.

Зайнутдинов осымен маусымдағы екінші голын соқты. Алғашқы голын 11-ші турда тағы бір мәскеулік команда «Динамоның» қақпасына соққан еді.

«Открытие Аренадағы» матчың алғашқы жарты сағаты артта қалды. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.