Қазақстандық боксшы Абай Төлештің қарсыласы белгілі болды (4-0, 3 КО), деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

24 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 32 жастағы тәжірибелі чех боксшысы Томаш Безводамен (8-10, 5 КО) сынға түседі.

Жекпе-жек 16 желтоқсанда Алматыда Global MTK промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші аясында өтеді.

Абай Төлеш алдыңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, төртінші раундта Танзания боксшысы Саид Мфаумені техникалық нокаутпен жеңіп жеңіске жетті.