«Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен XIX қысқы Сурдлимпиадаға Қазақстан құрамасын шығарып салуға арналған іс-шара өтті.

Жаһандық дода 12-21 желтоқсан аралығында Италияның Вальтеллина және Валькиавенна қалаларында өткізіледі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры Самат Ерғалиев және сайысқа аттанатын спортшылар қатысты.Серік Сәпиев құрама спортшыларына сәттілік тіледі.