Финляндияда өтіп жатқан могулдан әлем Кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева сәтсіз өнер көрсетті.

Ол финалға екінші орынмен шыққанымен ақтық кезеңде тек 12-ші нәтиже көрсетті.

Осылайша қазақстандық спортшы жарыс жолын бірінші айналымнан аяқтады.