Алматылық «Қайрат» футзалдан ҚР чемпионатының 7-туры аясында рудныйлық «Аятпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесу 5:5 (3:2, 2:3) есебімен аяқталды. Алматылық клуб сапында Дәурен Нұрғожин, Эдсон, Диего, Дәурен Тұрсағұлов пен Джон Леннон гол соқты. Қарымта матч ертең өтеді.

«Қайрат» турнирлік кестеде 11 ұпаймен көш бастап келеді. «Аят» 10 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2019/20. 7-тур

«Аят» - «Қайрат» 5:5 (3:2, 2:3)

7 желтоқсан. Рудный , «Аят-Арена» СК

Фото: Қайрат» АФК баспасөз қызметі