«Манчестер Юнайтед» командасының футболшылары Уле-Гуннар Сульшердің командадан кетпеуі туралы клуб басшылығына өтініш айтқан, деп хабарлайды Prosports.kz The Times сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, клубтың вице-президенті Эд Вудфорд футболшылармен жолығып, Сульшер туралы команданың пікірін тыңдап көрген. Оған жауап ретінде команданың барлық ойыншысы Сульшерді қалдыруды сұраған екен.