Кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (7-0, 3КО) кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әжбенов 16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады.

Айта кетейік, Нұртас соңғы жекпе-жегінде филиппиндік қарсыласы Элвин Макилингті (13-15-4, 3КО) бірінші раундта нокаутпен ұтты. Бұл нокаутынан кейін жерлесіміз Boxrec рейтингісінде 381-орыннан 130-орынға жоғарылады. ⠀

Нұртас Әжбенов: Келесі жылы титулдық жекпе-жек өткіземін