Қазақстандық конькиші Роман Креч Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

А дивизионында өнер көрсеткен отандасымыз 500 метр қашықтықта 7-ші орынға ие болды (34.903). Бұл сында ең үздік нәтижені ресейлік Виктор Муштаков көрсетті - 34.636. Екінші орында оның отандасы Руслан Мурашов (34.641) ие болса, үздік үштікті Алекс Бойсверт-Лакро (34.730) түйіндеді.

Айта кетейік, 5000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы В дивизионында қазақстандық спортшы Надежда Морозова 2-ші орын алды.