Футзалдан 2019/20 жылғы Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Беларусь елінде өтеді.

УЕФА атқарушы комитеті бұл жолы «Төртеудің финалы» қатысушылардың елінде емес, өзге мемлекетте өткізуге шешім қабылдады. Финалдық кезең Минск қаласындағы «Минск-Арена» кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық кезеңге ресейлік КПРФ мен «Тюмень» және испаниялық «Эль-Посо» мен «Барселона» өтті.