«Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан жақын арада командасын ауыстыруы мүмкін.

Футболшының алматылық клубпен келісімшарты жыл соңына аяқталады. Бауыржан Исламханның өзі жаңа маусымда Еуропа чемпионатына кетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан «Қайраттың» сапына 2014 жылы қосылған.