CS-де өтетін EPICENTER 2019 турнирінің топтық кезеңінің барлық қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлық командалар А және В екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа «Team Vitality», «Natus Vincere», «Ehome» және «Heroic» сияқты командалар кірді.

Екінші топта «Mousesports», «Evil Geniuses», «ForZe» және турнирге тікелей шақырту алған қазақстандық «AVANGAR» командалары сынға түседі.

Еске салайық, EPICENTER 2019 17-22 желтоқсан аралығында Мәскеуде өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 500 мың долларды құрайды.