Петропавлдық «Құлагер» хоккей клубы негізгі команданың бас бапкері Олег Гущинді қызметінен босатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 жастағы ресейлік маман клубта 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басшылығымен «Құлагер» 2018-2019 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Әрі 2019 жылғы Қазақстан Кубогының финалына шықты.

Ал 2019-2020 маусымда ұлттық чемпионатта 30 матчтан кейін 37 ұпай жинап, 9-шы орында тұр.