Шотландияда аралас жұп командалар арасында әлем біріншілігінің іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетелік, Қазақстан командасы құрамында Абылайхан Жүзбай мен Ситора Алиярова ойнап жүр.
С тобы
Словения – Қазақстан – 3:13 (0:2, 2:0, 0:6, 1:0, 0:4, 0:1, Х, Х)
Осы ойынның алдында керлингшілеріміз Қытай Тайбэйін 12:3 есебімен ойсыратқан болатын.
Төрт турдың нәтижесінен кейін ел құрамасы С тобында Гонгконгпен үшінші орынды бөлісіп тұр.
Қазақстандық керлинг шеберлері келесі ойынын Польша құрамасына қарсы өткізеді.
Комментарии