«Астана» футбол клубының шабуылшысы Роман Муртазаев «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесуде Дмитрий Шомкоға нәтижелі пас берген еді, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, Муртазаев 5 гол соғып, 4 ассист жасау арқылы, гол+пас жүйесі бойынша 9 ұпай жинады.
Ол осы көрсеткіші арқылы Бауыржан Жолшиевты басып озып, клубтың Еурокубоктердегі ТОП-5 сұрмергені қатарына енді.
Бұл көрсеткіштер бойынша үздіктер көшін Патрик Твумаси бастап тұр. Оның еншісінде 15 гол және 5 нәтижелі пас бар.
Үздік бестік:
1.Патрик Твумаси 15+5
2.Марин Томасов 11+7
3.Дмитрий Шомко 5+9
4.Жуниор Кабананга 6+5
5.Роман Муртазаев 5+4
Комментарии