Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) Нью-Йорктағы Fight Factory Gym жаттығу залында дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бахтияр Эюбов жаттығуынан видеоүзіндіні әлеуметтік желісіне жүктеген жаттықтырушы Кит Хьюитт былай деп жазды: - Лагерьдің екінші аптасы. «Баха-оқ» мықты көрінеді. Ескі мектеп.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 8 маусым күні өткізіп, төрешілердің шешімімен Брайан Себальоға (11-0, 6 КО) есе жіберді.