«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қоғамдық талқылау» бағдарламасында ел футболының бүгіні мен ертеңі туралы пікірталас өтіп, эфир қонақтары өзекті мәселелерді талқылап, оның шешу жолдары мен механизмдерін ұсынды.

Эфирге шақырылған қонақтар тізімінде - Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов және Қазақстан футбол Федерациясының Маркетинг және PR департаментінің директоры Нағи Бақытбеков.