«Ювентус» клубының басшылығы шабуылшы Пауло Дибалаға жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, туриндік команда 26 жастағы футболшыға 2024 жылға дейін жоспарланған келісімшарт ұсынып, жылдық табысын € 9 миллионға дейін көтермек.

Пауло Дибаланың қазіргі келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жоспарланған. Биылғы маусымда ол Италия чемпионатында 12 матчқа қатысып, 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.