Футбол агенті Сослан Касабиев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Бауыржан Исламханға шетелдік екі клубтан ұсыныс түскенін айтты. Алайда бәрі оңай емес екен.

- Исламхан бойынша екі нақты ұсыныс бар. Біреуі - Ресей Премьер-лигасынан. Бірақ, аталмыш клубпен келісімге келу мүмкін болмай тұр. Өйткені, клуб ұсынған шарттар Исламханның талаптарына сәйкес келмейді. Ашық айтқанда, олар футболшының қазір алып отырғанынан екі есе аз жалақы береді. Екінші клуб - Польшадан. Ол жерде де аз ақша ұсынып отыр.

- Сонда Бауыржан екі ұсынысқа да келіспеді ме?

— Әзірше иә не жоқ деп айта алмаймын. Сұрақтарымызға жауап күтіп отырмыз. Үміткерлер Исламханды тезірек қатарына қосқысы келеді.