Құрлықтық хоккей лигасының үздік ойыншыларды анықтау жөніндегі комиссиясы турнирдің 12-ші аптасындағы лауреаттарды атады.

Үздік қақпашы атағы «Барыс» қақпашысы Эдвард Паскуалеге бұйырды. Ол командамен бірге соңғы үш ойында жеңіске жетіп, соққылардың 96,67 пайызын қайтарған.

Үздік қорғаушы аталымында «Барыс» ойыншысы Атте Охтамаа топ жарды. Ол соңғы үш ойында да ұпай жинап, қақпаға жалпы есебі 12 соққы жасаған.

«Барыс» Минскінің «Динамосын» ойсырата ұтты