Кумамотода (Жапония) гандболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық гандболшылар Румыниядан 22:20 есебімен ұтылды (14:11, 8:9). Осымен Қазақстан қүрамасы үшінші ойында ұтылды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Венгрия және Черногория құрамаларынан жеңіліп қалған болатын.

Әлем чемпионатындағы келесі ойынын жерлестеріміз 4 желтоқсанда «С» тобында бірінші орында тұрған Испания құрамасынана қарсы өткізеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де басталады.