Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов WBC International белбеуін қорғау үшін өткізетін жекпе-жегіндегі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mtk_kazakhstan промоутерінің Instagram-дағы ресми парағында Виктор тәжірибелі аргентиналық Хавьер Хосе Клавероға қарсы жекпе-жек өткізеді деп жарияланды. Хавьер 32 мәрте рингке шығып, оның 27-інде жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін Аргентинада 15 қарашада өткізіп, отандасы Марсель Эзигвил Варгасты жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Коточигов-Клаверо жекпе-жегі 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарланған.

Викторды әлемнің әр түрлі елдерінде: Қытайда, Грузияда, Германияда, Польшада, Ресейде, Ұлыбританияда және Қазақстанда бокстасты.