Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов Токиода өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың дайындық деңгейі жоғары екендігін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Олимпиада ойындарына дайындалу. Қазір бізде екі лицензия бар, әлеуетіміз жоғары. Біздің 12-15 спортшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алады деп үміттенеміз және сенеміз. Маңызды жеңістерге жетуге маңызды себептер бар», - деп атап өтті Даниал Ахметов Нұр-Сұлтандағы World Athletics президентінің келуіне орай ұйымдастырылған баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елі қатысады деп жоспарлануда.