Кеше кешке Миланда Gal Gala del Calcio 2019 сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шарада Италия чемпионатының үздік футболшылары, жаттықтырушылары, төрешілері мен менеджерлері марапатталды.

Маусымның үздік ойыншысы жүлдесін португалиялық Криштиану Роналду жеңіп алды. Сонымен қатар, турнирдің символикалық командасына енді.