Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтан Қасымханов АСА лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

АСА компаниясы бұл шешімге ресейлік Александр Педусонді жеңгеннен кейін келді. Келісімшарт бойынша Қасымханов 6 жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Қасымханов-Педусон кездесуі турнирдің ең үздік жекпе-жегі атағын жеңіп алды.