Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) кезекті жекпе-жекке дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айдос 21 желтоқсан күні Красноярск қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Айдос Сиднейде жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін (WBO — WBO Global, WBA International және WBC Asia Continental) қорғап қалды.