УЕФА ұйымының кеңсесінде 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның 17 жастағы қыздар құрамасы (U-17) 4 топта Дания, Швейцария және Словакия командаларына қарсы ойнайды. Іріктеу ойындары 2020 жылдың күзінде өтеді.