Мадридте каратэден Премьер-лиганың соңғы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан спортшылары бірнеше салмақта финалға шықты.

84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық каратеші, Азия ойындарының жүлдегері Данияр Юлдашев турнирдің алтын жүлдесіне таласады. Юлдашев олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған түркиялық Угур Актаспен жолығады.

Әйелдер арасында +68 келіде сынға түскен Софья Берульцева Мадридтегі турнирдің финалына жолдама алды. Алтын үшін айқаста Софья ересектер арасындағы әлем чемпионы Елена Чатзилиадамен кездеседі.

Фото: 24.kz