Әлемнің экс-чемпионы және DAZN стримингтік қызметінің комментаторы Қазақстанның былғары қолғап шебері Генадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогия туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Worldboxingnews.com сайтына сілтеме жасап.

«Ол белбеуге ие болып қана қойған жоқ, бәлкім оған «жыл боксы» атануы мүмкін кездесуде қол жеткізді, – дейді Мора Головкиннің Сергей Деревянченконы жеңгенін меңзеп. - тіпті алда трилогияны өткізуге тиіспіз және оны104410 мамырда ұйымдастыру керек».

«Олар қарашада емес, «Синко де Майо» мерекесінде жұдырықтасуы тиіс. Жекпе-жек күллі Мексика жұртшылығын жинайды. «Синко де Майо» мен Мексиканың Тәуелсіздік күні – үлкен Чавестен бастап Де ла Хойя мен «Канелоға» дейінгі боксшылар ғұмыр бойына жететін табыс тапқан екі мерекелік күндер. Сол үшін трилогия мамыр айында өтуі тиіс», – деп топшылайды сарапшы.