«Барыстың» бұрынғы капитаны Брендон Боченски клубтың 20-жылдығын тойлау үшін Нұр-Сұлтанға да келіп жетті, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетелік, клуб мерейтойына орай, «Барыс Арена» төбесіне командада ойнаған атақты ойыншылардың жейделерін көтеру рәсімі өтеді.

Айта кетейік, Брендон Боченски нұрсұлтандық клуб сапында сегіз маусымда 455 матчқа қатысып, 444 (179+265) ұпай жинаған.