Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы америкалық Тони Фергюсон ресейлік Хабиб Нурмагомедовке қарсы жекпе-жек өткізеді.

Америкалық спортшы жекпе-жектің келісімшартына қол қойды. Қос спортшы арасындағы айқас келесі жылыдң 18 сәуір күні Нью-Йорктағы Barclays Center кешенінде өтеді.

Бұған дейін ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің жекпе-жек өткізуге келісімін беріп, келісімшартқа отырғаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, Нурмагомедов пен Фергюсон осымен бесінші мәрте жекпе-жек өткізуге келісіп отыр. Бұған дейінгі жекпе-жектер әр түрлі себептерге байланысты өтпей қалған еді.