21-25 қараша аралығында Торревьежа қаласында (Испания) мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында шахматтан халықаралық турнир өтті, деп жазады Prosports.kz.

Аталған турнирде қазақстандық шахматшы Болат Қабжанов топ жарды.

Чемпионатқа барлығы 8 елден 20-дан астам адам қатысты.

Қабжанов клубтың зағип және нашар көретіндерге арналған спорт секторын басқарады және халықаралық деңгейде спорт шебері.