Елордалық клубтың бас директоры Михаил Гурман футболшыларды құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мен стадионға келіп, жанкүйер болған адамдарға алғыс білдіргім келеді Олардың қолдауы керемет болды! Әрбір дауыс, әрбір қол шапалақтау анық естіліп, біздің командамызға қуат берді. Бұл ойынды Қазақстан футболы тарихына алтын әріппен жазылатын матч болды деуіме болатын шығар.

Біздің жігіттер жарады. Жігерлерін жанып, «Манчестер Юнайтедті» жеңе білді! Бүгінгі матчқа жоғарыда отырған адамдар да көп келді, себебі олардың көбі біздің командаға жанкүйер болып жүр. Бұл жеңіс - «Самрұк-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, жанкүйерлер мен клубтың барлық қызметкері және әрине, бапкерлер мен команданың ортақ жеңісі!», деді клуб басшысы