«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында Екатеринбургтің «Автомобилистімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық ұжым соңғы 15 матчта негізгі уақытта жеңіс тойын тойламаған болатын. Өткен турда да Андрей Скабелка жігіттері овертаймда «Металлургті» 2:1 есебімен ұтты.

Екатеринбург шаһарындағы кездесуде қосымша уақытқа дейін созылды. Линус Виделл овертаймда мергендік танытып, өз командасына қатарынан екінші матчтағы жеңісті сыйлады.

1 желтоқсанда «Барыс» елордада минсктік «Динамоны» қабылдайды.

«Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)Шайбы соққандар:

0:1 — 18:29 Шестаков (Михайлис, Орехов)

1:1 — 50:54 Гуркин (Холланд, Голышев)

1:2 - Виделль - 63:32 (3х3)Қақпашылар: Коварж — Паскуале