Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегіне Мәскеудегі Bupas Gym залында бапкер Андрей Ивичуктің қол астында жаттығып жатыр.

Әзірге Батыр Жүкембаевтың қашан жекпе-жек өткізетіні белгісіз. Боксшы инстаграм парақшасына Мәскеудегі жаттығуынан видеосын жүктеді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде мексикалық Мигель Васкесті төрешілердің шешімімен жеңді.