Испания астанасы Мадрид каратеден Премьер-лига турнирінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңін қабылдайды. 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында әлемнің үздік каратешілері бақ сынайтын жарысқа Қазақстан командасы да қатысады.

Турнирге қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі:

Ерлер

60 келі: Дархан Асаділов, Қайсар Алпысбай, Еркінбек Байтөреев 67 келі: Дидар Әмірәлі, Мұса Бексұлтан, Асылбек Мұратов 75 келі: Ермек Айназаров 84 келі: Данияр Юлдашев, Игорь Чехмарев.

Әйелдер

50 келі: Мөлдір Жаңбырбай 55 келі: Сабина Захарова, Аружан Мұхтар, Әсел Серікова 68 келі: Гузалия Гафурова, Александра Будкина +68 келі: Софья Берульцева.

Айта кетелік, турнир басталғанға дейін Қазақстан командасы 9 мемлекеттің спортшылары жиналған оқу-жаттығу жиынына қатысуда.